Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Достық үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған Қызылорда облыстық Татар орталығының мерекелік кеші өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Көрермендер алдында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып, мерекемен құттықтады. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға сүбелі үлес қосқан орталыққа облыс әкімі аппараты басшысы Шахмардан Баймановтың Құттықтауын табыс етті.

Концерттік шарада әртүрлі жастағы өнерпаз балалар өнер көрсетіп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазіргі ұрпақ соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгідей бейбіт өмір үшін қарыздар. Сондықтан татар бірлестігінің белсенділері дайындаған нөмірлер мереке қонақтарына арналған сый-құрметтің белгісі іспетті.

"Жасмин" би тобының өнерпаздары әскердегі күндерді еске түсіретін би орындады. Татар этномәдени бірлестігінің "Сарман" вокалдық тобы мен солистер түрлі тілде өлеңдер оқып, әндер шырқады. LED-экранда Ұлы Отан соғысының тарихқа толы соғыс жылдарын еске салатын бейнероликтер көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: