Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада ғалым-жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғариннің 85 жасқа толуына орай «Тарих ғылымының тамыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жазушының «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Ұлы дала», «Қазына», «Сол бір күндер» деген шығармаларына шолу жасалып, №112 мектептің оқушыларына кеңінен насихатталды.

Қойшығара Салғараұлы 1939 жылы 1 сәуірде Торғай облысының Көкалат ауылында туған. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, 1964–1965 жылдары «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965–1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971–1975 жылдары Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975–1990 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–1993 жылдары Әдебиет және өнер институтында қызметкер. 1993–1997 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған.

Тағы да оқыңыз: