Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова «Жарық» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесіп, белсенді партияластарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Биылғы көктем еліміз үшін қиын жағдайда басталып, бір қатар өңір тұрғындары су тасқыны салдарынан зардап шекті. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсетуге сырбойылықтар да бір кісідей жұмылды. Жерлестеріміздің атынан «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы ұжымы бастама көтеріп, жергілікті кәсіпкерлер мен белсенділер ат салысты. Осылайша ірі көлемде 5 бірдей өңірге 10 жүк көлігіне тиелген 300 тонна көлеміндегі 50 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Кездеу барысында сөз алған партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова әр көліктің тиісті мекен – жайға жеткізіліп, көмекке мұқтаж жандарға дер кезінде жетуі ұжым қызметкерлерінің бақылауында болғандығын және партия белсендісі, «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамының басшысы Дәурен Тұрғанбайұлының жеке бастамасымен өңірге келген атыраулық 105 азаматқа алғашқы қажетті заттар және олардың ыстық тамақпен қамтылуына акционерлік қоғам тарапынан үлкен қамқорлық болғанын атап өтті.

Сонымен қатар көмек көрсетілген барлық өңірдегі тұрғындар партияның филиалдары арқылы өздерінің ыстық ықыластарын айтып, алғыстарын білдіріп жатқандығын тілге тиек етіп, су басқан аймақтарға гуманитарлық қолдауды ұйымдастыру мен жеткізуге қосқан үлесі үшін «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамының ұжымына, сондай-ақ басты байлығымыз – адам деп есептейтін «AMANAT» партиясының ұстанымын толық қолдап, елдің шынайы патриоты, халықтың қамқоры екендерін көрсеткен ұжымның белсенді қызметкерлері мен партияластарға партияның облыстық филиалы атынан шынай ризашылығын білдіріп алғыс хатпен марапаттады.

Шара барысында белсенділерге Қызылорда қаласы әкімінің де ризашылық тілегі білдірілген алғыс хаттар табысталды.

Тағы да оқыңыз: