Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар шығару, кітапханалар ашу ісіне ерекше мән берген болатын. «AMANAT» партиясы Президент бастамасын іске асыруға дәнекер болатын «Кітап-AMANAT» жобасын қолға алып,барлық өңірлерде отандық әдебиет пен баспагерлерді қолдауға бағытталған кітап орталықтарын ашты. Бүгін «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы ұжымы орталыққа келіп, ондағы кітап қорымен, олардың бағыт – бағдарымен танысты.

Мұнайшылармен болған кездесуге партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қатысып, орталық жұмысының маңызын атап өтті.

«Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. Бұл – руханият орталығы. Мұнда жергілікті баспагерлермен, авторлармен келелі кездесулер өтіп, түрлі іс-шара ұйымдастырылып келеді. Осында келген жастардың кітап оқуға деген ынтасы артады. Ең басты мақсат – елге жаңа кітаптарды таныстыру, отандық баспагерлерді қолдау»,- деді Ләйлә Төрешова.

Орталықтағы әрбір кітап авторлары мен олардың жанрын кеңінен таныстырған Әбілдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының маманы Ақтай Изанелья мұнайшыларды кітап оқуға қызықтырып, кітаппен дос болуға үндеді.

Мұнайшылар әдеби мұрамызды ұлықтап, ұлт болшағына тәрбие беруге бағытталған осындай орталық ашып отырғанына ризашылықтарын бділдіріп, «Кітап-AMANAT» орталығындағы өздерін қызықтырған кітаптарын сатып алды.

Тағы да оқыңыз: