Kyzylorda-news.kz   Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 5 сәуірдегі  №64 Жарлығына сәйкес еліміздің демографиясына үлес қосқан көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталады. Өз шаңырағының ұйытқысы, берекесі болып отырған, халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқаны үшін Шаяева Айман Рахметжанқызына  «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.

      Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүрген аналарға деген құрмет  әрқашанда жоғары . Қазіргі таңда 6 бала тәрбиелеп отырған батыр анамыз, ұрпағының еліміздің өркендеп, өсуіне өз септіктерін тигізеді деген үмітте. Кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел болып қалыптасуына, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуде әйел – аналардың еңбегі орасан зор. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналарымыз біздің ауданымызда да бар. Сондықтан алтын құрсақты ардақты жандарға қалай құрмет көрсетсек те әдбен лайық. Ана  тек қана балаға емес бүкіл әлемге нұрын шашып жүрген жандар.

Тағы да оқыңыз: