Kyzylorda-news.kz Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге Бірлік аллеясындағы тал егу шарасына қатысты.


Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы жұмыс істейді.


Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.


Еске салсақ, қазір республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акция аясында әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ»  тақырыптық атаулары берілген.

 
Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны аясында 5 кезең бойынша көгалдандыру, тазалық шаралары ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: