Kyzylorda-news.kz Осы жылдың 2 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде “Жасыл Даму” акционерлік қоғамына ұсынылған жобалардың орындалу барысы және облыс көлемінде дала өртін алдын мен оны жою жөндегі атқарылған жұмыстар талқыланды.

Мәжіліске облыстық басқармалар, департамент және инспекция басшылары мен ZOOM байланысы арқылы аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Аудан әкімдерінің орынбасарлары алдымен “Жасыл Даму” акционерлік қоғамына ұсынылған жобалардың орындалу туралы баяндады. Атқарылған жұмыстарға қатысты кемшіліктер айтылды. Облыс әкімінің орынбасары ұсынылған жобаларды жеделдетіп аяқтауды және әрбір жоба бойынша жол картасын әзірлеп, облыс әкімдігімен бекітуді тапсырды.

Одан соң, облыс бойынша дала өртін алдын алу және оларды жою жөнінде атқарылған жұмыстар да талқыланды. Аудан әкімдерінің орынбасарлары орман және дала өртін алдын алу мақсатында жыл басынан бері қабылданған шаралар туралы есеп берді.

Мәжілісте дала өрттерінің уақытылы тіркеліп хабарланбауы, аудан әкімдіктерімен құрылған ортақ алгоритмнің жүйелілігі және орман инспекциясы тарапынан жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесі де талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдерінің орынбасарлары мен сала басшыларына орын алған орман және дала өрттеріне қатысты нақты себеп салдарын анықтауды, қажетті техникалар мен құрал жабдықтардың жарамдылығын бақылауда ұстауды, құқық қорғау органдармен бірлесіп мобильді топтарды құруды, рейдтік жұмыстарды уақытылы жүргізуді және жеке тұлғалар мен шаруашылық иелеріне ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: