Kyzylorda-news.kz  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы Қызылорда қалалық оқушылар мен жасөспірімдер үйімен бірлесіп 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай «Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты ерлік сағатын М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің студентерімен, оқытушылары, № 176 орта мектептің 8 сынып оқушылардың қатысуымен өткізді.

Шара «Жас математик» үйірмесі оқушыларының «Әкеге алғыс» әні прологымен ашылды. Кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алып, 10 минуттық бейнебаян лед экраннан көрсетілді. Оқушылар үйінің өнерпаздарынан құрылған «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблі «Домбыра», «Тобылғысай» бірқатар халық әндерін орындап, Көмекбай Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің 5 «Г» сынып оқушысы Совет Сезім қазақ ақындарының өлең - жырларын жатқа айтты. Ән терме үйірмесінің оқушылары «Жақсан» жыраудың өсиет термесін дауылпаз және домбырамен шырқап, кеш қонақтарының ықыласына бөленді. Оқушылар үйінің жас өнерпазы Айдосұлы Нөсер «Батырлар ұраны» әнін жанды дауыспен жеке айтты. Оқушылар үйінің ардагер ұстазы, талай шәкірттерді сахна мәдениетіне тәрбиелеген шығармашыл ұстаз Гүлжамал Төлегенқызының Соғыс жылдарындағы бірнеше әндерді поппури орындап, «Қазақ елі» әнін жанды дауыспен шырқады. «Ер – елінің қорғаны» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттер таныстырылды. 

Мерекелік ерлік сағатына Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің ардагер ұстазы Тұрсынбекова Гүлжамал, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Төлеубай Дәулет, Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Оразалиев Қанағат Ибадуллұлы, Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Маханбетжанов Нұржан Ғалымжанұлы, Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Сарбалаев Жасұлан Ахметұлы, Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Айтмағамбет Дастан Мәлікұлы, Қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Икмат Алмат, Бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Сламбеков Асылжан, Аға өрт сөндіруші – құтқарушы азаматтық қорғау аға сержанты Жұмаев Құрманғазы, Мәдениет саласының еңбек ардагері, Тасбөгет кенті қоғамдық кеңесінің мүшесі Тобағабылов Олжабай, Мәдениет саласының еңбек ардагері, Тасбөгет кенті қоғамдық кеңесінің мүшесі-Шағыров Қабдеш Шағырұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР «Құрметті автокөлікші» төсбелгісінің иегері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Таңрақбаев Жүзбай Ибрагимұлы, Небада- Семей ядролық полигонда әскери қызметін атқарған ардагер «Құрметті автокөлікші» Ахметов Ералы, Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің юбенальды бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Айнұр Әбдірахманова Жаңабайқызы, Тасбөгет полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің юбенальды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Темірбек Айгерім Темірбекқызы қатысып, жастарға мағыналы әңгімелер, тілектер айтты. Қалалық оқушылар үйінің директоры Гауһар Құдайбергенова шараға қонақтарға, ұстаздарға, жас оқырмандарға рахметін айтып, мерекелік кешті қорытындылады.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: