Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданындағы Өркендеу ауылдық округі Жанкент ауылы аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта, Ұлы Жібек жолы басып өтетін, түркі елдеріне ортақ тұлға Қорқыт бабамыз бен әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз мекендеген Жанкент шаһары маңында орналасқан. Елді мекеннің жер қоры – 5098 гектарды құрап тұр. Оның ішінде, жайылымдық жер – 2933 гектар, егістік – 49 гектар, басқа да жерлер – 2116 гектар құрайды. Округ орталығы – Жанкент елді мекені болып саналады. 

Жанкент елді мекені 2014 жылы облыс әкімінің шешімімен тіректі елді мекендер тізіміне енген. 2018 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен Өркендеу ауылының атауы «Жанкент» ауылы болып қайта аталды. Округтің халық саны – 1334 адам, ал, отбасы саны – 252. Округ орталығында 2009 жылы салынған 250 орынды №104-ші орта мектеп, 90 орынды №5 «Аққоян» бөбекжай балабақшасы, 150 орынды клуб, кітапхана, 2018 жылы жаңадан салынып пайдалануға берілген күндізгі амбулаториялық емхана, аудандық пошта бөлімшесі, аудандық ветстанция бөлімшесі, азық-түлік дүкендері, мешіт халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, округ көлемінде Сыр маржаны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы, 13 шаруа қожалығы, 1 селолық тұтыну кооперативі және 62 әртүрлі кәсіп иелері халыққа қызмет жасайды.

Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері тарихқа тың деректер қосылуда. Өркендеу ауылдық округінің территориясында Орта ғасырлық Жанкент шаһары, Құттыбай би, Сырлыбай хан кесенесі, Шобансих әулие, Оспан тамы, Бабажан Сарт қорғаны, Мыңтөбе секілді ескі орындар бұдан әлденеше ғасыр бұрын тіршілік еткен адамдардың өмір тарихын зерттеуге мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени орындар есепке алынып, жыл сайын Қорқыт ата атындағы университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы археология және Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология ғылыми зерттеу институтының ғалымдары, оқытушылар, студенттер қатысқан қазба жұмыстары кезінде көптеген керамикалық бұйым, тиын, тұрмыстық заттар мен әшекейлер табылды. Оның нәтижесі жаңа пікірлер туғызып, «Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау» туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Жанкент шаһары, Мыңтөбе орны, Құттыбай би кесенесі және Сырлыбай хан кесенесі республикалық және облыстық тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау тізіміне енгізілді. Жанкент шаһарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Қызылорда облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы арқылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Ежелгі Жанкент шаһарының 45 гектар аумағы қоршалды. Қалашықтың кіре берісіне 12 метрлік JANKENT стелласы орнатылды. Тәуелсіздік жылдары округ көлемінде атқарылған негізгі жұмыстар 32 жыл бұрын 90 орындық балабақша құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

2009 жылы Таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Таза су» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры тартылды. Таза суға арналған екі резервуар, бір су мұнарасы бар. Ауыл ішілік – 21225 метр су құбыры тартылып тұрғын үйлерге сервистік су жүйесі қосылды.

2009 жылы типтік жобада – 250 оқушыға арналып салынған №104 орта мектептің құрылысы спорт залымен және асханасымен пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 32 мұғалім 243 оқушыға дәстүрлі оқу форматымен санитарлық, эпидемиологиялық талапты сақтап, дәріс беруде.

2012 жылы кіші футбол алаңы салынып, жас ұрпақтың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына септігі тиді. Он жыл бұрын №5 «Аққоян» балабақшасына 25000,0 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, ішкі жылу жүйелері, ішкі қабырғаларын сылау, едендерін ауыстыру жұмыстары жасалынды.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы клуб үйінің ғимаратына 38880,0 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы 108345,0 мың теңге қаржыға Орталық саябақ пен Жастар бағына абаттандыру жұмыстары жүрді. Ауылға кіре-беріс қақпа салынды. «Ер есімі, ел есінде» ескерткіш тақтасы қайта жаңғыртылды. Жастар бағына іс-шара өткізілетін сахна, Бик-Бен сағаты орнатылды. Ауыл тұрғындары демалатын орындықтар қойылып, жолдарға тас төселінді. Аудандық бюджет қаржысы есебінен  Жанкент ауылындағы Қ.Балтөреев (1 шақырым), Қорқыт ата (1 шақырым), аралық көшелер (0,64 шақырым) және Сарыкөл (0,44 шақырым) көшелеріне орташа жөндеуге 24309,0 мың теңге жұмсалды.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде Жанкент  ауылының Жанкент (1,0 шақырым), Қ.Балтөреев (1,0 шақырым), Қорқыт ата (1,2 шақырым), Сарыкөл (0,54 шақырым) көшелерін жарықтандыруға-11547,0 мың теңге; Аталған көшелерге жарықтандыру жүргізілді. 2017 жылы «Жанкент ауылына кіре-беріс және Жанкент аралығына (ұзындығы 7,0 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2018 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Жоба құны 352,0 миллион теңге болды. 2016 жылы Қорқыт ата көшесіне (1 шақырым) 16000,0 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы халық күшімен Алланың үйі «Жолмырза ата» мешіті салынып, пайдалануға берілді.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен халыққа медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және медициналық көмекке қол жетімдікті қамтамасыз ету мақсатында, науқастардың ауруын тауып, емдерінің шипалы болуына тәжірибелері мен білімін шыңдаған ұжым мүшелері халыққа қызмет етіп келеді.

Мемлекет пен жекешелік әріптестік негізінде 104000,0 мың теңге қаржыға амбулатория құрылысы салынып, 2018 жылы пайдалануға берілді. Биіктігі 21 метр телемұнара орнатылып, «Хабар», «Қазақстан» телеарналарының көрсетілімі жақсартылды. Ксеел, Белайн антенналары орнатылды. 2018 жылы облыс әкімдігі қаулысымен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімі негізінде Өркендеу ауылының атауы «Жанкент» ауылы болып қайта аталды. 2019 жылы Көне Жанкент қалашығы қоршалып, кіре-беріске  JANKENT стелласы орнатылды. Осыдан төрт жыл бұрын Әбілда Тобаев көшесіне (ұзындығы - 1,07 шақырым)  30736,0 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы 4 көшеге (Ж.Байқадамов, Сарыкөл, Жылуан, Ғ.Мұратбаев) 62262,6 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Былтыр Жанкент қалашығына баратын жолдың сол жағына жасыл белдеу (көлемі 1,5 гектар) орналастырылды. Қаржысы – 3900,0 мың теңге болды.

2024 жылы Жанкент қалашығына баратын жолдың оң жағына жасыл белдеу (көлемі 1,5-гектар) орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Қаржысы – 3200,0 мың теңге.

Кәсіпкерлік және ауыл шарушылығы бойынша өткен жылы екі ауыл тұрғыны «Іскер» бағдарламасы арқылы Өңірлік инвестиция орталығынан 8,6 миллион теңге несие алды. Бір ауыл тұрғыны «Агро кредиттік несие коорпорациясы арқылы» 3,5 миллион несие алды. 2,5 пайыздық Жастарға арналған несиелеу бағдарламасы бойынша бір ауыл жасы 3,2 миллион теңге несие алды. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында екі ауыл тұрғыны 8,8 миллион теңге несие алып, өз кәсіптерін бастады.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаның үш бағыты бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа - 17 адам тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы жанұя саны – 2, Жастар тәжірибесіне - 2 жас маман елді мекендегі №104 мектепке , 1 жас маман №5 «Аққоян» бөбекжай балабақшасына мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмыспен - 9 адам, жұмыссыз – 47 адам кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз-өздерін жұмыспен қамтыды.

Кәсіпкерлік, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтуға байланысты ағымдағы жылдың 3 айдың  қорытындысы бойынша ауылдық округте 6 жеке кәсіпкер (оның ішінде, бір жолаушы тасымалы, бес әртүрлі қызмет түрі бойынша )  аудандық кірістер басқармасына тіркелді. Қазіргі уақытта ауылдық округ бойынша 76 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның ішінде, 1 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 13 шаруа қожалығы, 62 жеке кәсіпкерлік субьектісі жұмыс жасайды.

Несиелендіру бойынша – «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен қазіргі уақытта 4 ауыл тұрғынының құжаттары дайындалуда. Жастарға арналған 2,5 пайыздық несиелендіру бойынша екі ауыл жасы құжаттарын дайындауда.

«Көпбалалы отбасы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мемлекеттік грант» жобасына үш ауыл тұрғыны Бизнес жоспарларын жасап, «Бизнес бастау» курсы бойынша оқып, сертификаттарын алды. Жастар тәжірибесіне – 1 жас маман елді мекендегі №104 орта мектебіне тарих пәні мұғалімі мамандығымен орналасты.

Алғашқы жұмыс орны бойынша жеке кәсіпкерге – 1 ауыл жасы, әлеуметтік жұмыс орны бойынша жұмыссыз – 1 ауыл тұрғыны жұмысқа орналасты.

Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалыққа қатысты жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ауылдық округ бойынша биыл көркейту-көгалдандыру жұмыстарына – 1960,0 теңге қаражат бөлініп, елді мекеннің санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға қарсы күресте биыл үш айда 2 ауыл тұрғынынан жер учаскесіне байланысты өтініш түсіп, тиісті мекемелерге жолданды. Әртүрлі деңгейдегі құқық бұзушылықтар ауыл ақсақалдарымен және медиация өкілдерімен шешіліп, тиісті шаралар қабылданып отырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мақсатында ауылдық округ көлеміндегі бюджеттік мекеме басшыларын, қызметкерлерін  қатыстыра отырып  жоспарға сәйкес, ай сайын құқықтық оқу жүргізіледі.

Ауыл әкімінің 2024 жылғы Өркендеу ауылдық округі әкімі апаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылға арналған іс-шара жоспары жасалып бекітілді.

Іс-шараға сәйкес ауыл бойынша біршама жұмыстар атқарылып, орындалуы туралы анықтамалары, хаттамалары уақытылы жазылып отыр. Осы жылдың І-тоқсанында 1 семинар, 1 құқықтық оқу өткізілді.

2024 жылдың 12 ақпан айында ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс» атты тақырыппен Заң аясын жүзеге асыру мақсатында құқықтық оқу болып өтті.  

2024 жылдың 4 наурызында "Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен семинар жиыны болып өтті.

Ауылдық округ бойынша жер учаскелерін бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің ережелері сақтала отырып беріліп, бекітілген жер меншігін заңсыз қайта бөлу және сыбайлас жемқорлық туралы фактілері тіркелген жоқ.

               Округ көлемінде өткізілетін барлық деңгейдегі іс-шараларға ауылдық ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері, мекеме басшылары және қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, жастар ұйымы, ауылдық учаскелік полиция инспекторы, №104 мектеп оқушылары мен мұғалімдері және ауыл имамы, ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысады. Ауылдық округте қылмыс пен құқық бұзушылықтың, мал ұрлығының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Ішкі істер органдары мен халықтың арасындағы құзырлы орган өкілі ретінде учаскелік инспектор полиция майоры Қонысбаев Қуандық Жаппарбергенұлы жұмыс жасайды. «Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары арнайы стенд тақтайша орнатылған. «Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бойынша қызметтер көсетіледі. Ауылдық округте мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде, өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша «Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышы орналасқан. Арнайы компьютер бейнекамерасымен, қағаз шығаруға арналған (принтер) құрылғыларымен жабдықталған. Осы кезеңге дейін ауыл тұрғындарына  түрлі анықтамалар оның ішінде, балаларын балабақшаға кезекке қою, соттылығы бар, жоқтығы туралы, жеке тұлғаға электронды кілт ашу, наркологиялық, психотерапия, туберкулез аурумен ауырмағандығы туралы, жұмыссыз екендігі, атаулы көмек алатындығы туралы тағы басқа анықтамалар EGOV электронды үкімет порталынан   алынып, қызмет жасалып келеді.

Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін егіп, бау-бақша дақылдарын өсіру және мал бағып, оның өнімдерін ұқсату болып табылады. 2024 жылдың 1 қаңтарына  округтегі барлық мал басы мүйізді ірі қара малы -2438 бас, қой-ешкі-3901  бас, жылқы -1634 басты және түйе – 105 басты құрап отыр.

Былтыр «Мерей» шаруақожалығы – 350 гектар жерге күріш егіп, әр гектарынан – 35,0 центнерден, ал «Өте» шаруа қожалығы – 151 гектардың әр гектарынан – 24,8 центнерден және «Jankent Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 392 гектардың әр гектарынан – 35,2 центнерден өнім алды. Ауыл  тұрғындары  сырттан және  үй іргелік  жерлерінен – 54 гектар  жерге бақша, картоп және  көкөніс  дақылдарын егіп  өздерін  қыстық    азық-  түлікпен  қамтыды.

2024 жылы «Өркендеу ауылдық округінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 103741,0 мың теңге қаржы бөлініп, өз мақсатында жұмсалуда. Округ бойынша жоспарланған салық – 4749,0 мың теңге болды. Үш айда жиналып, бюджетке өткізілгені  1871,0 мың теңгені құрап отыр. Тамыры тереңде жатқан Жанкенттің жері жылдан жылға көгалданып, көркейіп келеді.

Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер жоспарланған. Ендігі меже сол міндеттерді абыроймен атқару. Оларға – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бағдарламаларынан туындайтын іс-шараларды округ көлемінде іске асырып, округ халқының табысы өсіп, тұрмыс –жағдайының жақсаруы үшін шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасау. Жұмыссыз азаматтар мен ауыл жастарын «Бизнес- Бастау»  курстарына тартып, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы , Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып жаңадан кәсіп ашып немесе кәсіптерін кеңейтуге жәрдемдесу мәселелері енеді. Сонымен қатар, ауылдық округ айналасы мен орталығының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында көркейту-көгалдандыру, көне тарихи  Жанкент қалашығына дейінгі автомобиль жолының екі қапталына, елді мекен кіреберісіне  «жасыл белдеулер» орналастыру  жұмыстары мен қатар санитарлық тазалыққа баса назар аударуды жүзеге асыру көзделген.

bcef1df9-1f1d-4af1-a3e3-6d75af0efdba.jpg8e85f5fd-a096-4926-ab83-17607cd9907c.jpg3e68acb9-2223-44db-9001-02281965d589.jpg

Тағы да оқыңыз: