Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, инвестиция тарту, өндіріс орындарының ашу шаралары бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуіріне облыс орталығында тіркелген кәсіпкерлердің саны 33 507  бірлікке жетіп, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандар үлесі 93,6 процентті немесе 31 381 бірлікті құраған. Бұл туралы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Жетілгенов баяндады.

Сала маманының айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 66 450 адамға жетіп, өсім 2 процентке, яғни 66 066 адамға жеткен. Сондай-ақ, салада 527,4 миллион теңгеге өнім өндіріліп, өсім 8 процентке, яғни 471 034 миллион теңгеге артқан. Оның ішінде облыста өткен жылы жұмыспен қамтылғандар саны – 121 700, ал өндірілген өнім көлемі – 645 195 миллион теңгені құраған.

Өткен жылы мемлекеттік қолдау шаралары аясында құны 24,45 миллиард теңгені құрайтын 1415 жоба қаржылай қолдау алған. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 17,8 миллиард теңгені құрайтын 458 жоба субсидияланған. Ал аграрлық несие корпорациясы арқылы 49 жобаға 1,2 миллиард теңге қаржы шамасында несие берілген.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы «Жастарға арналған несие» 2,5 проценттік несие бойынша жалпы құны 544,4 миллион теңгені құрайтын 115 жоба қолдау алған.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша «Байқоңыр» ӘКК несиелері арқылы жалпы құны 253 миллион тенгені құрайтын 27 жоба қолдау алып қаржыландырылған. Сонымен қатар «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы жалпы құны 798,5 миллион тенгені құрайтын 82 жоба қаржыландырылған.

Бұдан бөлек кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге (5 миллион теңге, 400 АЕК) 696,4 миллион теңге сомасына 472 жоба қыржыландырылған. Оның ішінде 400 айлық есептік көрсеткіштегі – 459 жоба, құны 628,5 миллион теңге, 5 000 000 тенге – 13 жоба, құны 67 907 600 теңгені құрап отыр.

– 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 612,8 миллион теңгені құрайтын 56 жобаны несиелендіру жоспарлануда. Жалпы бұл бағытта құны 1 миллиард 106 миллион  теңгені құрайтын 131 жоба ұсынылған. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы 253 миллион теңгеге 27 жоба, ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік кооператив құруға – 27,6 миллион теңге, ал жеке кәсіпкерлерге 8,6 миллион теңге, ал биылғы жылға 612,8 миллион теңгеге 56 жобаны, ауылшаруашылығы өнеркәсіптік кооператив құруға – 29,5 миллион теңге, ал жеке кәсіпкерлерге 9,2 миллион теңгеге несиелендіру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жастарға арналған несие» бағдарламасы аясында

875 миллион теңгеге 175 жобаны қаржыландыру көзделуде. Атап айтқанда, өткен жылы 544,4 миллион теңгеге 115 жоба жүзеге асырылған. Сонымен бірге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беру құралы шеңберінде биылға 714 миллион 771 200 теңге қарастырылып, 484 жобаны үйлестіру жоспарланған. Өткен жылы 696,4 миллион теңгеге 472 жоба жүзеге асырылған болатын. «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау» бағдарламасы аясында 2024 жылы кемінде 600 жобаның несиелеріне субсидиялау мен кепілдендіру құралдарымен қолдау көрсету көзделуде. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталсақ, Сауда көлемі 146,1 миллиард теңгені құрап, оның ішінде бөлшек сауда нақты көлем индексі 102,5 процентке (яғни, 95,4 миллиард теңгеге), көтерме сауда 103,5 процентке (50,7 миллиард теңге)тұрақталған, – деді кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы м.жетілгенов

қызылорда облысы бойынша көтерме сауда 109,8 миллиард теңге (101,8 процент), өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 134,8 миллиард теңгені(92,2 процент), оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 20,2 миллиард теңгені(111,8 процент), құраған. ал ағымдағы жылы облыста биыл өнеркәсіп өндірісі – 244,6 миллиард,  өңдеу өнеркәсібі – 86,1 миллиард теңгені құраған. ал өткен жылы өнеркәсіп өндірісі – 160,8 миллиард (91,9 процент), өңдеу өнеркәсіп – 21,3 миллиард теңгені (120,9 процент) құраған.

қалаға негізгі капиталға тартылған инвестиция 53,8 милилард теңгеге жетіп, өсім 27,8 процентке (12 401 миллиард теңгеге)артқан.

өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция 136,5 процентке жеткен. бұл ретте, 2024 жылға инвестиция тартуға қойылған меже 19,6 проценті орындалған. яғни,  бұл 273,8 миллиард теңгені құрап отыр.

Жалпы, инвестиция тартуға қойылған меженің орындалуына аймақтағы мұнай компаниялары – 29 милилард, жеке ресурстар арқылы - 100,3 милилард, мемлекеттік бюджеттен – 90,7 миллиард есебінен іске қосылатын жобалар аясында қамтамасыз ету көзделуде.

– 2024 жылы өңірімізге Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында құны 25.3 миллиард теңге құрайтын 5 жоба іске асырылуы жоспарлануда. Оның ішінде «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны – 15 милилард  700 милилон теңге, «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы». Құны - 1 миллиард 200 миллион теңге. «Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы».      Құны - 6 миллиард. 700 миллион теңге. ЖК «Алпамыс», «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны  - 1 миллиард  200 миллион теңге. ЖК «Искаков» «Сауда үйі құрылысы». Құны  - 500 миллион теңге. Өткен жылы қала көлемінде құны 1.9 миллиард теңгені құрайтын 4 өндіріс орны ашылып, 130 жұмыс орны құрылды.  Нақтырақ айтқанда «Асыл дән LTD» ЖШС-нің  «Күріш өндеу цехы» жобасы. Құны – 900 миллион теңге. «Абай Дәулет» ЖШС-нің «Мұздатылған фри картоптары» жобасы. Құны 600 миллион теңге. «Ақжелең» ЖК «Наубайхана» жобасы. Құны 400 миллион теңге. «Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған Иппотерапия» ат-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін қайта өңдеу цехы» жобасы. Құны – 30 миллион теңге. Биылғы жылы шыны зауытының ішінен қуаттылығы жылына 5 миллион шаршы метр энергия үнемдейтін жаңа желі іске қосылады. Бүгінгі күні қоңдырғылардың толық жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.  Құны 6,7 миллиард теңге болады, – деді сала басшысының міндетін атқарушы.

Бұған қоса, қазіргі таңда құны 26,2 миллиард теңгені құрайтын 2 жобаның жобалау жұмыстары басталған. Ол «EuroGlass Industries» ЖШС - шыны бөтелкелері, «Айна Глаз» ЖШС – айна зауыты.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  саласында сауда базарларын жаңғырту бойынша қалада орналасқан әмбебап сауда базарларын жаңғырту жұмыстары өз жалғасын табуда. Атап айтқанда, 11 базар (145 851,9 шаршы метр сауда орындар саны - 1865), оның ішінде 3 әмбебеп (50 279,9 шаршы метр сауда орындары саны - 1220) (Асбол, Сұлтан-2, Сыбаға) сауда орны бар. Жаңғырту жұмыстары аясында 7 миллиард теңге, биылғы жылы 3 миллиард теңге инвестиция тарту көзделуде. Оның ішінде «Асбол» базарына - 4 миллиард теңге, «Сұлтан-2» - 1,5 миллиард теңге, «Сыбаға» базарына - 1,5 миллиард теңге жұмсалмақ.

– Қала аумағындағы 3 әмбебап базары «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі» Жол картасына енгізілген болатын. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 10 бабы бойынша оның ішінде, «Асбол» базары бойынша құрылыс алаңы дайындалған. Осы жылдың мамыр айында жобалау-сметалық құжаттамасы мен жұмыс жобасы аяқталмақ.  «Сұлтан-2» және «Сыбаға» базары бойынша жоспарға сәйкес жобалау-сметалық құжаттамасы, жұмыс жобасы әзірленіп, эскиздік жобасы бекітілді.«Сұлтан-2» базары алаңында құрылыс салынатын алаң босатылды, сондай-ақ, құрылыс жүргізілетін жер өлшеніп, қазу жұмыстары жүргізілген, – деді сала маманы.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: