Kyzylorda-news.kz  Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының күйі мүшкіл болды. Өйткені, Кеңес үкіметінен ескі тұрғын үйлер мен ескі коммуналдық желілер мұраға қалған еді. Сондықтан, ел үкіметінің алдында тозығы жеткен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын аяғынан тік тұрғызу міндеті тұрды.

Алға қойылған міндетті орындау мақсатында, Үкімет 1997 жылғы 16 сәуiрде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын қабылдады. Аталмыш заң тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында қордаланған мәселелерді шешуге бағытталды. Дегенмен, сол кездегі елдің экономикалық әлеуеті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы төңірегінде қордаланған мәселелерді оңтайлы шешуге қолбайлау болды. Салдарынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына тиісті дәрежеде қаржы бөлінбеді. Бұл тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға кедергі келтірді. Десе де, Қазақстан Үкіметі жүзеге асырған шаралар нәтижесінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы төңірегіндегі бірқатар мәселелер шешімін тапты. Алайда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелер әлі де көп еді.

Үкімет Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар нәтижесінде тұрғын үй қатынастары оңтайланды. Мыңдаған тұрғын үй бой көтерді. Коммуналдық инфрақұрылымдар жаңғыртылды. Халыққа көрсетілетін қызмет сапасы артты. Терможаңғырту және кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары жүзеге асырылды. Аталмыш бағдарламаның мерзімі аяқталған соң Үкімет Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бағдарламада көзделген мақсат – тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Электр желілері жаңғыртылады

Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, Қазалы ауданы, Қазалы қаласының электр желілері мен қондырғыларын қайта жаңғырту жобасы бойынша 2024 жылы жұмысты бастауға республикалық бюджеттен 52191,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 59238,0 мың теңге бөлінді. Сатып алу қортындысмен мердігер: «КРЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалушы «Мекен и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы «АқтауСтройпроект) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып табылды.

Қазіргі таңда, облыстық сәулет құрылыс бақылау басқармасынан құрылыс жұмыстарын рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы елді мекеннің электр желілерін қайта құру» жобасы 2024 жылы жұмысты бастауға республикалық бюджеттен 50,0 миллион теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қортындысмен мердігер: «Энергомера» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, авторлық қадағалау «Строй-проект-инвентаризация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалау бойынша конкурс жүргізілуде.

«РЗА» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 184,29 гектар (дақылдарды егу үшін) суармалы жер учаскесін құру» жобасы бойынша сыртқы инфрақұрылым обьектілерін салу (сорғы станцияларын, жаңбырлатқыштарды электрмен жабдықтау)»

2024 жылы жұмысты бастауға республикалық бюджеттен 52,7 миллион теңге қаржы бөлінді. Мердігері – «Энергомера» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, автор: «Строй-проект- инвентаризация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Тех: «Стройтехнопроект KZ A и K» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Сондай-ақ, Қазалы ауданы, Сарбұлақ елді мекенінің ВЛ-10/0,4 кВ электр желілерін қайта жаңғырту құрылыс жобасы 2024 жылы жоба-сметалық құжаттарды әзірленді.

Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Вокзал аумағын» және «Жеңіс паркін» абаттандыру үшін аудандық бюджеттен жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Жобалаушы мекемелермен 6400,0 мың теңгеге шарт жасалды.

«Жеңіс паркі» абаттандыру  "Мекен и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3351,0 мың теңге бөлінді. Теміржол «Вокзал маңын» абаттандыруды "ГорСервисПроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 3049,0 мың теңгеге атқаратын болды.

Қазалы қаласының Мәдениет үйі мен Әкімшілік ғимаратын газға бейімдеу Жобалаушы "ТМ ПроектСтрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жоба сметалық жоспары әзірленіп, сараптамадан өтуде.

Баспанасыз өмір сұрықсыз

Тұрғын үй саласындағы кезектілікке байланысты Қазалы ауданы бойынша бүгінгі күнге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде 2023 азамат(ша) кезекте тұр.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабы 5 тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды «Кезекте.kz» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, түгендеу жұмыстары  жүргізіліп, жыл басынан бері 17 азамат(ша) кезектен шығарылды.

Жатақханаларды ағымдағы жөндеуден Қазалы ауданы көлемінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында екі жатақхана жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге, 92 отбасы (Я.Михайлюк №5Г-43 отбасы, Біржан сал көшесі №1В-49 отбасы) уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылы, Я.Михайлюк №5Г, Біржан сал №1В жатақханаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 10,0 миллион бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Жоба бойынша жатақханалардың 19 жылу батареяларын ауыстыру, ішкі кәріз жүйелерін жөндеу, ақау пайда болған жерлерін сылап, әрлеу және 19,8 шаршы метр терезелері ауыстырылады.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу ағымдағы жылы Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесі №60 және Т.Бөріқұлақов көшесі №2Б көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 14,9 миллион бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Жоба бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін сылап, әрлеу және шатыр жабыны ауыстырылатын болады.

Жол қадірін жүрген білер

Қазіргідей өркениетке ұмтылған кезеңде жолдың сапалы болуы әрбір тұрғын үшін маңызды. Көше асфальттанып, оның бойы жарықтандырылса, халыққа қолайлысы да сол. Сондықтан жыл сайын жолды жөндеуге мемлекеттік қаржыдан тиісті қаражат бөлініп, барлығы жоспар бойынша кезектілігімен іске асуда.

2024 жылы Қазалы қаласының 10 көшесіне Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстары басталып, облыстық бюджеттен 69,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жоба бойынша қаралған көшелерге тротуар төсеу, бордюр орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Әйтеке би, Ж.Бәкішев, М.Рахашұлы, Т.Сегізов, Хегай Гер Сек, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Жахаев, М.Ерлепесов, Жамбыл Жабаев, Е.Қожаназаров көшелеріне жөндеу жүргізіледі.

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Жаңқожа батыр және Әйтеке би көшелерін қайта жаңғырту жобасы бойынша «Строй Модуль Астана» мердігер мекеме тарапынан Жаңқожа батыр көшесінің жол жиегіндегі бордюрлерін ауыстыру, аялдамаларды орнату жұмыстары, сондай-ақ, Жаңқожа батыр - Бөрқұлақов және Жаңқожа батыр, Пірімов көшелерінің қиылысына жол айрықтарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Әйтеке би – Басықара, Әйтеке би – Қазалы, Әйтеке би кентіне кіре беріс аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жол жолақ сызықтары қайта сызылды. Осы жұмыстар уақытылы атқарылса, нәтижесі аудандағы жолдар сапасы жақсаратынына сенім мол.

Фото: https://365online.kz/?p=2563

Тағы да оқыңыз: