Kyzylorda-news.kz Шымкент  қаласында 25-26 сәуір аралығында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында "6В01450- Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XVI республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға Жоғары оқу орындарынан барлығы 12 команда қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Алтын оймақ" командасы жүлделі III орын иеленді. 

Университет студенттері Айгерім Жайылханова, Айжан Тілек, Зейнел Қайратқызы, Арайлым Жантас осы пәндік олимпиадаға қатысып, өздерінің үздік білімдерін көрсетті. 

Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Дизайн және технологиялар" білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистры Әсия Жүнісова жетекшілік етіп, республикалық пәндік олимпиадаға алып барды. 

– Студенттер университет атынан қатысып, бақ сынады. Олар жақсы дайындалып, жоғары деңгейде нәтиже көрсете білді. Жалпы дайындыққа екі апта уақыт кетті. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Алғашқыда кәсіптік оқыту әдістемесінен тест тапсырды. Екінші тапсырма, тігін бұйымдарының технологиясы пәнінен киім тігу. Соңғысы ұлттық этностильдегі креотивті киімдерді дайындау тақырыбында жоба қорғады. Нәтижесенде команда ІІІ орынды иеленді, – деді жетекші Әсия Жүнісова.

Тағы да оқыңыз: