Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Осы Жарлық бойынша Төретам кентінде тұратын көпбалалы 2 анаға алтын және 3 анаға күміс алқа тапсырылды. Бұл мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдауға үздіксіз қолдау көрсетудің бір ғана көрінісі.

«Өз кезегінде еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін өздеріңізге алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы-баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол», – деп Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусінов алтын құрсақты батыр аналарымызды құттықтады.

Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі өте маңызды. Әйел - отбасылық пештің қамқоршысы. Бүгінде мемлекет отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды сақтау үшін қомақты қолдау көрсетуде.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан – әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет. Халықтың өмірі мен тұрмысын жақсартуға барынша жағдай жасап келеді. Әсіресе, елде көпбалалы аналар мен отбасыларды қолдауға баса мән берілген. Құрметті кент тұрғындары, айта кететіні, егерде Сіздің мекен-жайыңыз тіркеліміңіз (прописка) осы Төретам кентінен болса «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларына құжаттарыңызды аталған кент әкімшілік аппаратына келіп тапсырсаңыздар болады деді», – деді кент әкімі Ғалымжан Елеусінов.

 

Тағы да оқыңыз: