Kyzylorda-news.kz Қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекет алдында тұрған міндет – ел дамуына тежеу болатын жегі құрт – жемқорлықты жою.

Апта ағымында аудандық әуез мектебінің ұжымымен "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау іс-шаралары және алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарын аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Тұрар Нұрмағанбетов жүргізді.
– "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бойынша енгізілген кейбір өзгерістер бар. Заң талаптары бойынша сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік, тіпті әлеуметтік осал топтар үшін де заңмен күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заң үстемдігін теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті, – деді бас маман Т.Нұрмағанбетов.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды деген болатын. 
Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің бірқатар топтамалары әзірленіп, іске асырылды.
Мәселен, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі туралы нормалар енгізілді. Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы қалпына келтірілді, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді.  Сотталған сыбайлас жемқорларға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым енгізілді.  Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазасы қатаңдатылды. Мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында шектеулер енгізілді. Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын шектеу қойылды. 
Заңнамалық өзгерістердің екінші топтамасы бойынша енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге өзге тұлғалардан сыйлықтарды алуға және өзге тұлғаларға сыйлықтарды сыйға тартуға толық тыйым салынды. Азаматтық кодекстегі «мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі» толық алынып тасталды. Кез-келген сыйлық мемлекетке тиесілі болғандықтан ондай жағдай орын алса, белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оларды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне өтеусіз өткізу арқылы мемлекеттік мүлік құрамына түсуге тиіс екенін ұмытпаған жөн. Ал қызметтегі жетістіктері және басқа да еңбектері үшін берілетін сыйлықтар бұл тізімге жатпайды, – деді бас маман.

Тағы да оқыңыз: