Kyzylorda-news.kz Жақында Сырдария аудандық мәслихатының депутаты Ералиев Дархан Жұмашұлы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес, өзі сайланған округ тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң шеңберінде жауап қайтарылды.

– Халық қалаулысы ретінде жергілікті халықтың мәселелерін тыңдаған болатын. Әрине, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге байланысты жан-жақты талқылау жүргізілді. Сан сала бойынша көкейтесті дүниелерді кезең-кезең бойынша шешілуі үшін атқарушы билік өкілдеріне ұсыныс айтамыз. Негізінен, жергілікті халық арасындағы жұмыссыз секілді түйткілді жағдайлар жиі орын алып тұрады. Сондықтан көпшілік мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кәсіп ашуға икемделгені дұрыс. Өз кезегінде ауыл тұрғындарының көтерген тағы бір мәселесі – ауылдарда инфрақұрылымды дамытуға назар аудару болып табылады. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жасалуы керек деп білемін. Бюджет тарапынан ауқымды жобалар жүзеге асырылағыны жақсы – деді халық қалаулысы.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан оң шешімін тапқан мәселелер болды. 

Тағы да оқыңыз: