Kyzylorda-news.kz Танымал заңгер Жохар Өтебеков Facebook-тегі парақшасында әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың қандай жаза алуы мүмкін екенін болжады. Айтуынша, ол өз-өзіне ор қазып, сол арқылы әділдіктің орнауына әсер етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жохар Өтебеков сот отырыстарын бақылай отырып, оның қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Сөзінше, ол телефонындағы видеолар туралы ұмытып кеткен болса керек. –

“Бишімбаевтың өзіне ор қазуы арқылы орнаған әділдік! Ол өте арам пиар-науқанын ұйымдастырды. Бүкіл сот отырысында шайқасты, барынша сытылғысы келді, жалтарды. Ашушаң болса да, шыдам танытып, өзін ұстады. Ол өлім болған түні мас күйінде жантүршігерлік видео түсіргенін ұмытып кеткен болса керек, сөйтіп телефонының құпиясөзін берді. Осы кезде айтарға сылтау таппай қалды”, – деді адвокат.

Өтебеков істе клиенттеріне деген жанашырлығын, аяушылық сезімін көрсетпеуге барынша тырысады екен. Сөзінше, клиентпен бірге қайғыруға, оның оқиғасын көңілге жақын қабылдауға болмайды.

“Өкініштісі, менің өзім Салтанат пен оның ағасы үшін алаңдап, психологиялық соққы алдым. Бірінші күннен бастап экраннан зұлымдық құйылып жатқандай сезім болды.

Менің психологиялық күйзеліске ұшырауыма, әсіресе, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылмауы да әсер етті. Ол үшін ұяламын.

Осы саясатты ескере отырып, Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Ал Байжановқа – 4 жыл.
Сот отырысының тікелей эфирі құқықтық мәдениетімізді арттырды. Қылмыстық сот төрелігін, адвокатураны және т.б. реформалар туралы көптеген идеялар алдым”, – деді Өтебеков. 

видеодан кадр

Тағы да оқыңыз: