Kyzylorda-news.kz Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында.

Осы орайда, 2024 жылдың 04 сәуірінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы (www.kaznu.kz) жыл сайын өтетін "Фараби әлемі" Халықаралық студенттік конференциясы аясында "Су ресурстарын қорғау (ТДМ 6)" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі су ресурстарын басқарудың ағымдағы жай-күйі мен жүйесіне талдау жүргізді. Соныменқатар, ауыз су жағдайы мен санитариялық талаптар дақарастырылды.

Қазіргі уақыттағы аса өзекті мәселелердің бірі болып отырған ауыз су мәселесі туралы жағдай  баяндалды.Жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті.

Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады.

Стратегиялық жоспарлау­және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының соңғы бес жылда халықты сумен қамту деңгейі қалада 98,4%-ға де­йін, ауылдық елді мекендерде­ 55%-дан 94,5%-ға артқанын мәлімдейді. Аталған мәліметтерге қарағанда, қай өңірді алсақ та даму қарқындылығы бар, ал шалғай ауылдағы тұрғындар осы дамудың нәтижесін көріп отырмағаны анық. Олар әлі де болса, су тапшылығын тартып келеді.

Елімізде орталықтандырылған сумен қамту деңгейі өткен жылдың қорытындысына сәйкес 96,8%-ды құраса, қалған 3,2% іске аспаған. Былай қарағанда пайыздық көрсеткіш аз болғанымен, бұл 600 мыңға жуық адамды сумен қамтамасыз ету жағы өте төмен деңгейде деген сөз. Ал тартылып жатқан су құбырына қосыла қоймаған ауылдағылар суды тасып ішуге мәжбүр.

Қазақстан Республикасында ауыз су сапасының индексі 100-ден 55,8 көрсеткішін құраған. Әлем елдерінің тұтынылатын судың сапасы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін клиникалық тіркелген оқиғаларды есепке алатын рейтингінде Қазақстан 179 орынның ішінде 54-ші орында тұр.

Сонымен қатар,Қазақстандағы ауыз су мәселелері пысықталып,ауыз сумен аз және де жақсы қамтылғанған аумақтар және аймақтардағы ауыз су ресурстарының жалпы санитариялық жағдайы жайлы айтылып өтті.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балхаш-Алакөл бассейндік инспекция маманы Мамықбаев Мұхаммедуали су шаруашылығын ұтымды пайдалануды бақылау қызметтері жайлы қатысушыларды ақпаратпен таныстырды. Білім алушылар өз қызығушылықтарын танытып,сұрақтар қою арқылы белсене қатысып отырды.

Іс-шара соңында кафедра студенттеріне сергіту сұрақ – жауап ойыны өткізілді. Белсенді қатысқан студенттерге шара ұйымдастырушылары атынан сыйлықтар табысталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар шараны қорытындылап, іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Қорытындылай келе, іс-шара өте ақпараттық-танымды түрде өтті. Шара барысында қатысушылар ауыз су сапасының адам өміріндегі маңызы мен қолжетімділік жайлы мәліметтермен хабардар болды.Ауыз суға деген қолжетімділікті арттырудың негізгі жолдарының бірі - оны үнемдеу мен артық ысырап қылмау қажеттілігі түсіндірілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының

“Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару” 

мамандығының 1 курс магистранты Әділхан С.О.

                                           оқытушылары: Мұқанова Г.А.,Құрбанова Л.С., Түсүпова Б.Х.,                                                          

 

Тағы да оқыңыз: