Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының МДБ-Т-20 оқу тобы машықтанушыларының дипломалды тәжірибе жинақтау жұмысы "Умай" Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және сауықтыру қайырымдылық үйі" жанындағы балабақшасы базасында өтті. 

Дипломалды практика мақсаты - білім алушылардың алған теориялық білімдерін мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде практика барысында іске асыру. Ойын іс-әрекеті барысында білім беру, тəрбиелеу, дамытушылық міндеттерді кіріктіре отырып ұйымдастыру.

Бітіруші студенттер дипломалды  тәжірибесі барысында “Ұстаным мен шеберлік”, «Бала тәрбиесіндегі лайфхактар», «Сабақта қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдер» тақырыбындағы әдістемелік сағаттарға қатысты. Ата- анамен, педагогикалық ұжыммен, балалармен қарым –қатынас жасаудың формалары мен стильдерін түрлі педагогикалық жағдаяттар барысында шешімін тауып,  білікті, өз ісінің шебер мамандарының  тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сағаттарына қатысып, мол тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» тақырыбы аясында өткен №6 аймақтық әдістемелік семинарға қатысып, асық ойындарының түрлері: «Омпа», «Құмар», «Алшы», «Бес асық» ойындарын семинарға қатысушыларға үйретіп, іс-әрекеттер барысында ұлттық ойындарды пайдаланудың  тиімді жолдарын көрсетті. 

Дипломалды практика – болашақ маманның  кәсіби дайындығының сапасы мен деңгейін анықтайтын шешуші кезең.

Тағы да оқыңыз: